Сирияда 33 қазақстандық бар - СІМ

90
Adyrna.kz Telegram
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі кейбір қазақстандықтардың саяси тұрақсыздық жағдайында неге қалуды таңдағанын түсіндірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Jibek Joly арнасына сілтеме жасап.

Сыртқы істер министрлігі бүгін Сирияда еліміздің 33 азаматының қалғанын айтты. Олардың көбі Сирия азаматтарына тұрмысқа шығып, балалар туған қазақстандық әйелдер.

"Бұл республикада революция басталған кезде біздің консул оларға байланысқа шығып, Қазақстанға қайтқысы келетіндерін сұраған. Еліне оралғысы келгендер қазір елімізде. Қалғандарымен дипломаттар үнемі байланыста", — деп атап өтті СІМ.

Бұған дейін жаңа билік сириялықтарды елдеріне қайтуға шақырғаны хабарланған болатын, алайда халықаралық ұйымдар елдегі жағдайдың әлі де өте күрделі екенін ескерткен.

Бұған дейін Сирияның даму болашағы көпшілікті, оның ішінде Сирияда және шетелдерде жүрген сириялық қауымдастықтарды да алаңдататыны айтылған болатын. Башар Асадтың режимінің құлауы мен оның елден қашуының салдарынан Дамаск көшелерінде және бүкіл әлемдегі сириялық қауымдастықтарда қуаныш сезімі байқалғаны туралы да хабарланған еді.

Пікірлер