Иордания Сириямен шекаралас бекетті жапты

869
Adyrna.kz Telegram
Фото: Анадолы
Фото: Анадолы

Сирияның оңтүстігіндегі қауіпсіздік мәселесіне байланысты Иордания шекаралас бекетті жабуға шешім қабылдаған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Анадолыға сілтеп.

Ішкі істер министрі Фурайенің мәлімдемесінде Сирияның оңтүстігіндегі қауіпсіздік мәселесіне байланысты Иордания мен Сирия шекарасындағы Джабир шекара бекетінің жабылатындығы туралы айтылған.

Министрдің сөзінше, Иордания Сириядағы оқиғаларды жіті назар салып, жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Мемлекет халқы мен иорданиялық жүк көліктеріне елге оралуға рұқсат етіледі. Ал Сирия аумағына баратын жүк көліктеріне шығуға тыйым салынған.

Пікірлер