Илон Маск Иранның БҰҰ-дағы өкілімен құпия түрде кездескен

102
Adyrna.kz Telegram

Америкалық миллиардер Илон Масктың Тегеран мен Вашингтон арасындағы  шиеленісті бәсеңдету мақсатында БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі Амир Саид Ираванимен кездескені жайлы ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Anadoly agency-ге сілтеме жасап.

New York Times деректеріне сәйкес, аты-жөнін жарияламауды сұраған екі ирандық шенеуніктің айтуынша, кездесу 14 қарашада Нью-Йоркте өткен. Олар бұл кездесудің бір сағаттан астам уақытқа созылғанын және оның «позитивті» жағдайда өткенін айтты. Сондай-ақ, кездесу «жақсы нәтижелерге» әкелуі мүмкін деп күтілуде.

Масктың бастамасымен ұйымдастырылған бұл кездесуде Иравани Иранға инвестиция салуды ұсынған. Сонымен бірге, ол Иранға қатысты санкцияларды алып тастау мәселесін көтеруге кеңес берген.

БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілдігі және Дональд Трамптың баспасөз хатшысы Стивен Чунг мұндай құпия кездесу туралы пікір білдіруден бас тартқан.

Иранның сыртқы істер министрі Аббас Эракчи 14 қараша күні әлеуметтік желілерде Иранның ядролық бағдарламасына қатысты даулар тек ынтымақтастық пен диалог арқылы шешілуі мүмкін екенін атап өткен.

Пікірлер