Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар мұрағатының делегациясы Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Liter.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, ғылыми-зерттеу жұмысы барысында Моңғолияның Ұлттық мұрағатынан Қазақстанға қатысты құнды материалдар табылған.
Мұрағаттан 90 фотоқұжат пен жалпы ұзақтығы 92 минуттық кинофильмнің көшірмесі алынған.
Кинофильмде Баян-Өлгей аймағының мерейтойлық іс-шараларынан көріністер қамтылған, онда қазақстандық делегация жергілікті қазақтардың өмірімен танысқан.
Фотоқұжаттарда Баян-Өлгей аймағындағы қазақ халқының тұрмысы, жергілікті театр әртістерінің өнерлері және әр жылдары Моңғолияға сапар жасаған танымал тұлғалар бейнеленген.