Джо Байден АҚШ президенті ретінде соңғы рет Си Цзиньпинмен кездесті

176
Adyrna.kz Telegram
Фото: Голос Америки
Фото: Голос Америки

АҚШ президенті Джо Байден мен Қытай халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Лимада өткен Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумы аясында алғашқы кездесулерін өткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Голос Америкиға сілтеме жасап. 

Байден Си Цзиньпинмен қытай басшысы тоқтаған қонақүйде кездесті.

«Қытайдың мақсаты — Қытай мен АҚШ арасындағы тұрақты, сау және орнықты қатынастарды сақтау», - деп мәлімдеді Си Цзиньпин. Сонымен қатар, бұл мақсаттың сайлаудан кейін де өзгермейтінін айтып,  екі ел арасындағы қарым-қатынастарда «көтерілістер мен құлдыраулар» болғанын мойындады.

Си Цзиньпин Қытай жаңа АҚШ әкімшілігімен байланыстарды қолдап, ынтымақтастықты кеңейтіп, қайшылықтарды шешуге дайын екенін алға тартты.

Екі елдің жетекшілерінің бұл кездесуі  АҚШ президенті қызметіне қайта оралатын Дональд Трамптың билікке келуіне екі ай қалғанда өтті. Бұл жаңа сауда соғыстары мен дипломатиялық дағдарыстарға қатысты алаңдаушылықтарды туғызды.

Байден Қытай мен АҚШ арасындағы қатынастар «бәсекелестік, бірақ қақтығысыз» болуы керек деп атап өтті.

Си Цзиньпин екі ел арасындағы қатынастардың «көтерілістер мен құлдыраулармен» дамығанын еске салып, егер бір тарап екінші тарапты қарсылас немесе жау деп санаса, болашақта екі жақ өзара қайшылықтарға тіпті регрессияға тап болуы мүмкін екенін ескертті.

Байден Қытаймен қарым-қатынастағы шиеленісті төмендетуге тырысады. Бірақ Вашингтон соңғы уақытта Қытайды АҚШ үкіметі мен президенттік компания өкілдерінің телефон әңгімелерін бұзу әрекетін жасады деп айыптады. Сондай-ақ Пекиннің Тайваньға жасайтын қысымының күшеюі мен Қытайдың Ресейге қолдау көрсеткені де алаңдаушылық туғызды.

Кездесуде АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Джейк Салливан және басқа ресми тұлғалар да болды.

Пікірлер