Cоңғы сұхбат. «Алаш зиялыларының мұрасын ұрпаққа табыстау – міндетім»

2148
Adyrna.kz Telegram

Саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұрасын түгендеп, жарыққа шығарып, халқымен қауыштырған «Арыс» қорының басшысы Ғарифолла Әнес «Адырнаға» берген соңғы сұхбатында Алаш қайраткерлерінің тұлғалық қасиеті мен олардың мұрасы жайында  айтады. Биыл Саяси қуғын-сүргін және Ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында жарияланған сұхбатты сілтемеге өтіп оқи аласыз.   

Саяси қуғын-сүргін құрбандарының жоқтаушысы, Алаш арыстарының мұрасын зерттеп жарыққа шығарып жүрген Ғарифолла Әнес кеше, қыркүйектің 21-інде дүниеден озды. 23 қыркүйек күні сағат 10:00-де Алматыда, Жазушылар одағында марқұммен қоштасу рәсімі өтіп, жаназасы шығарылады.

Ғарифолла Әнес 1957 жылы Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылында туған. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері болып, ғылыми зерттеу жұмыстарын сол кезден бастады. Бертінде Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің (Жаңалық ауылындағы) меңгерушісі қызметін атқарды. 1992 жылы «Репрессияға ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін "Арыс" қорын құрып, "Арыс" баспасының құрылтайшы-президенті болды. 2013 жылдан «Қазақстан тарихи-ағарту «Әділет» қоғамының» төрағалығын қоса атқарады. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, «Ана тілі» газетінің қоғамдық негіздегі кеңесшісі.

Биыл Саяси қуғын-сүргін және Ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «Адырнада» жарияланған сұхбатында Ғарифолла Әнес болашақ жоспары жайында ойларымен де бөліскен еді.

— «Шерлі шежіре. ХХ ғасырдың бірінші жартысында жарық көрген қазақ газет-журналдары» атты мәдени мегажоба дайындадыңыздар. Нәтижесінде он томдық баға жетпес кітап жарық көрді. Осы он томдықтың жинақталуына қанша уақыт кетті?

— 1992 жылы мен жетекшілік жасап отырған репрессияға ұшыраған зиялылардың мұрасын зерттейтін «Арыс» қоры (баспасы) құрылды. 1994 жылы алғашқы кітабымыз шықты. Міне, содан бері әлі тоқтаусыз жұмыс істеп келеді. Қазіргі кезге дейін жүздеген кітап басылып, тіпті үлкен порталымыз да ашылып жатыр.

Менің мамандығым – тарихшы емес, тілші. Сондықтан да осындай зиялылардың шығарған газет-журналдарын зерттеп, олардың  мұрасын ұрпаққа табыстау міндетім деп есептеймін.

Өздеріңіз көріп отырған он том әлі жалғасып 30 том болмақ.

 

Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемеге өтіп оқи аласыз.

 

 

 

 

 

Пікірлер