Ресей Украинаға зымырандар мен дрондар арқылы жаппай шабуыл жасады

178
Adyrna.kz Telegram
Фото: focus.ua
Фото: focus.ua

Ресей әскери күштері 17 қараша күні таңертең бірнеше Украина аймақтарын зымыранмен атқылады, деп хабарлайды "Адырна" үлттық порталы DW-ге сілтеме жасап.

Украина Қарулы күштерінің Әуе күштері стратегиялық бомбалаушы Ту-95мс ұшақтарынан ұшырылған қанатты зымырандар туралы мәлімдеді. Зымырандардың ұшырылуы Киев уақытымен 06:00-де болған. Қаратеңіз акваториясынан «Калибр» қанатты зымырандары жіберіліп, МиГ-31 ұшақтарынан гипердыбыстық «Кинжал» зымырандарының ұшырылғаны тіркелді.

Бұдан бөлек, түнде бірнеше украин облыстары ұшқышсыз ұшақтармен шабуылға ұшырады. Әкімшілік мәліметтеріне сәйкес, Запорожье, Николаев, Харьков және Киевте жарылыстар болды. Жарылыстар Одесса, Днепр, Кривой Рог және Черкасс облыстарында да естілген.

Николаевта ұшқышсыз ұшақтың тұрғын үйге жасаған соққысынан екі адам қаза тауып, тағы да төрт ересек адам мен екі бала жарақат алғанын хабарлады облыстық әскери әкімшілік басшысы Виталий Ким Telegram-да.

Киев мэрі Владимир Кличко Печерск ауданында ұшқышсыз ұшақтың сынығы түскен тұрғын үйдің өртеніп, әйел адам жарақаттанып ауруханаға жеткізілгенін  хабарлады.

Герман Галущенконың айтуынша, Ресейдің жаппай шабуылының мақсаты - Украинадағы энергетикалық нысандар. Жүйе операторлары шұғыл түрде электр қуатын өшіру тәртібін енгізді. Жергілікті билік Киев, Одесса, Ивано-Франковск, Днепропетровsk, Черкасс, Хмельницк және Донецк облыстарында электр қуатын өшіргендерін хабарлады.

Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига энергетикалық инфрақұрылымға жасалған шабуылды толық масштабты соғыстың ең ірі шабуылдарының бірі деп атады. «Бұл Путиннің жақында оған қоңырау шалып, онымен кездесу жасағандарға әскери қылмыскер ретіндегі нағыз жауабы. Бізге күшпен қол жеткізуге болатын бейбітшілік қажет, құр сөздермен емес», – деп жазды ол Х әлеуметтік желісінде.

Украина Президенті Владимир Зеленский Ресей әскери күштері Украинаға шабуыл жасау үшін шамамен 120 зымыран мен 90 ұшқышсыз ұшақ қолданғанын мәлімдеді. Әуе қорғаныс күштері 140-тан астам әуе нысанын жойды.

Ресейдің Украинаға зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтармен жасаған шабуылы салдарынан Польша әскери басшылығы өз аумағындағы әуе кеңістігін қорғау үшін истребительдерді ұшырды.

 

Пікірлер