CNN Қазақстанға жолбарыстың оралғаны туралы жазды

158
Adyrna.kz Telegram
Сурет: kp.ru
Сурет: kp.ru

Америкалық CNN телеарнасы Қазақстанға 70 жылдан кейін жолбарыстардың оралып жатқаны туралы материал жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жолбарыстар Қазақстан даласынан 1950-ші жылдары жойылып кеткен болатын. Бірақ қазір оларды қайта оралту үшін барлық жағдайлар жасалуда. Қыркүйек айында Нидерландтан әкелінген амур жолбарысының жұбы Іле-Балқаш қорығына жеткізілді. Зоологтардың айтуынша бұл аймақ бір кездері осы жыртқыштардың тарихи мекені болған.

Орталық Азияда жолбарыстардың мекені Түркиядан Корей түбегіне, Ресейдің солтүстігінен Индонезияға дейін тараған. Қазір жолбарыстар өздерінің бұрынғы мекендерінің тек 7%-ында ғана бар.

Ал елімізде бұл жануарлар 1950-ші жылдары  толығымен жойылып кеткен. Қайтадан табиғи ортаға қоныстандыру үшін  Қазақстанда бұрын өмір сүрген түрге өте ұқсас Амур жолбарысы таңдалған.

Жолбарыстарды табиғатқа оралу үшін тасымалдау жобасы бірінші рет  жүзеге асырылды. Екі жолбарыс Нидерландтан Германияға автокөлікпен жеткізіліп, одан кейін алты сағаттық ұшақ сапарымен Қазақстанға жетті. Әрі қарай оларды тағы 20 минуттық вертолетпен қорыққа жеткізген. Бұл сапарға дайындық бірнеше онжылдықтарды қамтыған.

Қазақстан осы жобаны 2010 жылы жариялаған және кейінірек Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи қорығы құрылды. Одан бері жолбарыстар үшін қажетті жағдайлар жасалды, орман алқаптары өсірілді, аңдар көбейтіліп, олардың табиғи азығы дайындалды. Жоба саяси ерік-жігер мен тиісті қорғау шараларының арқасында табысты болды.

Жолбарыстардың Қазақстандағы популяциясы болашақта артып, 2035 жылға қарай қорықта 50 үлкен мысық өмір сүретін болады деп болжануда. Зоологтар бұл жобаны табиғат сақтау ісіндегі маңызды қадам деп атап, оны тек өңірге ғана емес, бүкіл әлемге үміт сыйлайтын жоба ретінде бағалауда.

Пікірлер