Зорлық-зомбылық белгілері бар. Таразда жалдамалы пәтерден екі адамның мәйіті табылды

848
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Тараздағы аудандардың бірінде тоғыз қабатты тұрғын үйдегі пәтерден зорлық-зомбылық белгілері бар екі әйел адамның өлі денесі табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы КТК мәлімдеді.

Полиция марқұмдардың бірі 46, ал екіншісі 54 жаста болғанын хабарлады. Марқұмдардың бірі Алматыдан Таразға келген.

Қазір полиция күдіктіні іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына Жамбыл облыстық полиция департаментінің тергеу-оперативтік тобы мен басшылығы барды. Күдіктіні анықтау және ұстау үшін қажетті барлық тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жариялауға жатпайды», – деп түсіндірді Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Пікірлер