Түркиядағы 3,5 миллион жыл болған Баллыджа үңгірі ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Euronews-ке сілтеме жасап.
Бұл табиғи ескерткішке жұртшылықтың қызығушылығы ЮНЕСКО-ның назарына алынғаннан кейін артқан.
Баллыджа үңгірі Түркияның солтүстігіндегі Токат провинциясында орналасқан. Биыл 90 мың турист осы жердің кереметтерін — сталактиттер мен сталагмиттерді көру үшін келді. Олар шамамен 3,5 миллион жыл бойы карстық кристалданған әктас арқылы қалыптасқан. Осы уақыт ішінде үңгір тігінен де, көлденеңінен де кеңейген. Геологиялық тұрғыдан алғанда, үңгір әлі де белсенді. Яғни дамуын жалғастыруда. Бұл ғалымдарды қызықтырып, құдықтар, күмбездер мен шұңқырлар әлі де зерттелуде.
Үңгір 1993 жылы ашылып, бір жылдан кейін оның егжей-тегжейлі жоспары жасалып, туристерге ашылды. Бұл орынның танымалдығы үңгірді ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұраның алдын ала тізіміне енгізгеннен кейін күрт өсті. Үңгірдің ішінде ерекше микроклимат бар. Температура 17-24 градус аралығында өзгеріп тұрады. Ал ауа оттегіге бай. Бұл өкпе аурулары бар адамдарға пайдалы.
Еске сала кетейік, 2024 жылы «Беташар» рәсімі ЮНЕСКО тізіміне енген еді.