Мәңгілік алауға тағзым. Лавров Алматыда жүр

1204
Adyrna.kz Telegram
Фото: СІМ
Фото: СІМ

Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртлеу мен Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан Даңқ мемориалындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мемориал Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 30 жылдығына орай бой көтерген және үш негізгі бөліктен тұратын триптих түрінде жасалған.

Сол жағында орналасқан «Ант» горельефінде жас қызыл әскердің қаза тапқан жолдастарының аттарын жетелеп келе жатқан сәті бейнеленген. Бұл ескерткіштің алдында қалалар-қаһармандардан алынған топырақ салынған капсулалар қойылған.

Орталық бөлікте орналасқан «Ерлік» монументі панфиловшылардың Мәскеу үшін шайқастағы ерлігін көрсетеді. Мысқа шекіп салынған бұл көріністе КСРО-ның 15 республикасының өкілдері Совет Одағының картасы аясында бейнеленген. Подиумда:

«Ресей кең-байтақ, бірақ шегінетін жер жоқ – артымызда Мәскеу!»

Оң жағында «Даңқты жырлаушылар» атты горельеф орналасқан. Бұл бөлікте жеңіске арналған өмір салтанатының символы ретінде бейнелер жасалған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер