12 адам қаза тапты. Түркияның қару-жарақ зауытында жарылыс болды

1277
Adyrna.kz Telegram
Фото: nv.ua
Фото: nv.ua

Түркияның батысындағы қару-жарақ зауытында жарылыс болып, салдарынан 12 адам қаза тауып, бесеуі жараланды. Бұл туралы Euronews жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға сейсенбі күні таңертең болған.

 Анадолы агенттігінің хабарлауынша, жарылыс Кареси аймағы Балыкесир провинциясындағы жарылғыш заттар шығаратын зауытта болған.

Балыкесир губернаторы Исмаил Устаоғлу жарылыстан негізгі өндірістік ғимараттардың бірі опырылғанын, ал айналасындағы ғимараттардың аздап зақымданғанын айтты. Оның айтуынша, оқиға орнында түрік прокурорлары жұмыс істеп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

“Біздің болжамымызша, ішінде бірде-бір азамат қалған жоқ. Жарылыс техникалық себептерге байланысты болды”, — деді Устаоғлу.

Әділет министрі Йылмаз Тунч X әлеуметтік желісінде жарылыстың себептерін анықтау үшін төрт прокурорға тапсырма берілгенін жазды.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған оқиғаға байланысты көңіл айтты.

“12 бауырымыздың қазасына қайғырып көңіл айтамын”, — деген ол жаралылардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер