Қазақстан қолдады. Түркия Израильге қарсы қару эмбаргосына шақырды

879
Adyrna.kz Telegram
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

Түркия билігі БҰҰ-ға хат жолдап, 52 елдің атынан Израильге қарсы қару-жарақ эмбаргосын енгізуге шақырды. Бұл туралы Anadolu Ajansı агенттігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Журналистер бұл бастама туралы ақпаратты Түркия Сыртқы істер министрлігіндегі дереккөздерден алғаны нақтыланды.

Хатқа тағы екі ұйым қол қойды: Араб лигасы мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы.

Хат авторлары эмбарго енгізу қажет деп санайды, өйткені олардың пікірінше, Израиль Газа секторы мен Ливандағы ұрыс кезінде адам құқықтары мен халықаралық гуманитарлық құқықты бұзып отыр.

Израиль тарапы мұндай айыптауларды жоққа шығарады.

Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, хатқа қол қойған елдер арасында Түркия, БАӘ, Бразилия, Қытай, Иран, Оңтүстік Африка Республикасы, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей және Сауд Арабиясы бар.

Израиль қазір Газа секторында Хамасқа қарсы және Ливанда Хезболлаға қарсы әскери операциялар жүргізуде.

Айта кетсек, эмбарго – белгілі бір елмен сауда немесе басқа коммерциялық қызметке ресми тыйым салу.

Пікірлер