Ақтауда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны «Oil Construction» компаниясының жұмысшылары ереуілге шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
50-ден астам жұмысшы қала көшелеріне шығып, 11-12-шағын аудандар арасындағы көлік қозғалысын тоқтатуға тырысқан. Бейне әлеуметтік желіде тарады.
Маңғыстау облысының полицейлері ереуілшілер жолды бөгемегенін хабарлаған. Ведомство қоғамдық тәртіпті қауіпсіздік күштері қамтамасыз еткенін де атап өтті.
Ал қалалық әкімдік жағдай барысына тоқталудан бас тартты.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметі:
Айта кетейік, Маңғыстау облысындағы Жаңаөзенде "Өзенмұнайгазға" қарасты "Бұрғылау жұмыстары басқармасы"(БЖБ) компаниясының жұмысшылары ереуілге шыққан болатын.