"Біздің Би-аға". Бейімбет Майлиннің 130 жылы

1131
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бүгін, 15 қараша – ақын, жазушы, драматург Бейімбет (Бимұхамед) Жармағамбетұлы Майлиннің туған күні. Биыл қазақ прозасының әңгіме шебері Бейімбет Майлиннің 130  жылдық мерейтойы.

Бейімбет Майлин 1894 жылы Қостанай облысында туған. Арғынбай қажының медресесінде, Қостанайдағы орыс-қазақ мектебінде, Уфадағы Ғалия медресесінде, Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде оқыған.

1923-1925 жылдары Қостанай губерниялық «Ауыл» газетінде, 1925-1928 жылдары «Еңбекші қазақ» газетінде, 1928-1932 жылдары республикалық «Ауыл тілі» газетінде әдеби қызметкер, редактор болды. 1932-1937 жылдары - «Социалистік Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Уфадағы Ғалия медресесінде оқыған жылдары татардың Ғ. Ибрагимов, М. Ғафури сынды ақын-жазушыларымен шығармашылық байланыста болды. Осы оқу орнындағы «Садақ» қолжазба журналында «Мұсылмандық белгісі» атты тұңғыш өлеңі жарық көрді. Оның алғашқы шығармалары - «Қостанай уезі, Дамбар болысы» очеркі, «Мұқтаждық», «Көңіліме» атты өлеңі, «Мал», «Шұғаның белгісі» повесі, «Болған іс» әңгімесі «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде жарияланды. «Кедейге», «Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз», «Жазғы жайлауда», «Наурыз түлегі», «Көк сиыр», «Біздің жастар», «Мырқымбай», «Әйт, шу... ала атым», «Қарасор», «Бер, Мырқымбай, қолыңды!», «Әй, Мырқымбай», «Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Қанды кек», «Сексен сом», «Күлпаш», «Талақ», «Қара шелек», «Ақталған еңбек», «Сары ала тон», «Шапайдың хаты», «Арыстанбайдың Мұқышы», «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры», «Биғайшаның хаты», «Аштық құрбаны», «Сойқанды содырлар», «Кесінділер», «Алыптарды аралағанда», «Шұғаның белгісі», «Раушан - коммунист», «Азамат Азаматыч», «Қызыл жалау», «Қоңсылар», «Тартыс» атты поэмалар, фельетондар, очерктер, повестер мен романдардың, 25 пьесаның, либретто мен сценарийлердің авторы.

Айта кетейік, Ғабит Мүсірепов Бейімбет Майлинге арнап, «Біздің Би аға» очеркін 1965 жылы 12 қыркүйекте «Социалистік Қазақстан» газетіне жариялайды. Осы очеркінде Ғабең Бейім­беттің бүкіл болмыс-бітімін ашып көрсетіп, өзінің неге осы бір қарапайым да қарымды қаламгерге көңілі құлағанын, екеуара достық, шығармашылық бай­ланыстарының қалай қалыптасқанын, қалай дамығанын біршама толығырақ баяндайды.

Пікірлер