Әсерлі сәттер. Димаш Ақтауда ән шырқады

930
Adyrna.kz Telegram
Фото: Кazinform
Фото: Кazinform

Ақтауда өткен «Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы» гала-концертінде Димаш Құдайберген өнер көрсетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Шара ұйымдастырушыларының айтуынша жағалауға шамамен 100 мың көрермен жиналған.

Димаш Құдайберген сахнаға шыққанда көрермендердің эмоциясы екі есеге артты. Әнші өзінің танымал әлемдік хит әндерін орындады. Көрермендер ұзақ уақыт толассыз қол шапалақтап, құрмет көрсетті.

"Мың мәрте алғыс, ақтаулықтар, жерлестер! Құрметтеріңіз бен махаббаттарыңыз үшін бас иемін! — деді Димаш Құдайберген сахнада тұрып.

Көрермендер сүйікті әншісін сахнадан ұзаққа жібермей,  қошемет көрсетті.

Қала тұрғындары әншінің кең вокалдық диапазонынан бойларын тік тұрғызған шымыр эмоциялар алғандарын айтып, әлеуметтік желіде бөлісуде.

"Үлкен сахна Димаш үшін екен", "Димаш бір өзі жаулап алды"  деп,  тыңдармандар жарыса пікір қалдыруда.

Сондай-ақ, Димашты көру үшін биік шатырға, ағашқа шыққан көрермендердің де бейнесі желіде таралуда.

Димаш Құдайбергеннен бөлек концертте Kalifarniya, әзербайжандық әнші Роза Зәргерлі, өзбек эстрада жұлдызы Юлдуз Усманова да өнер көрсеткен.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер