Ұстаз бен шәкірт жеңіске жеткен күн

1022
Adyrna.kz Telegram
Сурет: kozhalar.kz
Сурет: kozhalar.kz

Осыдан 74 жыл бұрын Қайым Мұхамедханов ұстазы Мұхтар Әуезовтің жетекшілігімен Қазақ КСР Ғылым Академиясында «Абайдың әдеби мектебі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған еді. Бұл еліміз үшін тарихи оқиға болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ғалымның еңбегі Абай шәкірттерінің шығармашылығын, олардың әдеби мұраларын саралап, қазақ әдебиетінің терең тарихын ұғынуға мүмкіндік берді.

Одан бөлек, қазақ әдебиетінің маңызды кезеңдеріне шолу жасап, Абайдың ақындық мектебінің жан-жақты зерттелуіне негіз болды. Ал сол кездегі билік тек бір ғана идеология – марксизм-ленинизм мектебін мойындаған еді.

Диссертацияны қорғау барысында, диссертациялық жұмысты қорғағаннан кейін де ғалым мен оның ұстазы Мұхтар Әуезовке қатысты газет беттерінде қаралаушы материалдар жарияланған болатын. Комиссия құрамы «Бұл диссертация ғылымға қарсы ұстанымда жазылған» деген пікірді алға тартты.  Мұның бәрі Қайым Мұхамедхановтың 25 жылға бас бостандығынан айырылуына алып келді.

Шектен шыққан азаптаулар  – ыстық және суық камера, тырнақ астына ине жүгірту, басқа су тамызу, моральдық қысым және өлім жазасымен қорқыту зерттеушінің ерік-жігерін сындыра алмады. Ол «Абай мектебі бар» деген пікірінен бас тартпады. Осылайша қазір халық мақтанышына  айналған  Абай мектебін сақтап қалды.

Айта кетейік, ғалым 1955 жылы қамаудан босатылып, толық ақталды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер