Бас прокурордың орынбасары Шерзат Болаттың әкесіне қатысты ешқандай қылмыстық іс қозғалмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Массагетке сілтеп.
Сенат кулуарында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғардағы кісі өлімі туралы айтты.
"Өздеріңіз білетіндей, бірнеше тұлға ұсталып, бірқатар айып тағылды. 15 қазанда Алматыда өткен брифингте тергеу амалдары қалай жүріп жатқаны толық айтылды. Марқұмның әкесіне қатысты ешқандай қылмыстық іс қозғалмады. Өртке қатысты тергеу жүріп жатыр, сараптамалар тағайындалды", - деді Ғалымжан Қойгелдиев.
Еске салайық, 4 қазанға қараған түні Талғарда жасөспірім айуандықпен өлтірілген еді.