AnewsZ телеарнасы өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстанның Ақтау қаласына жақын маңда апатқа ұшыраған “Әзербайжан Әуе жолдары” (AZAL) ұшағының эксклюзивті суреттерін жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы media.az-ға сілтеп.
Суреттерден ұшақтык ішкі және сыртқы бөліктеріндегі зақымдалғанын анық көруге болады. Әсіресе, соққыдан қалған іздер айқын байқалады.
БАҚ-тың хабарлауынша апаттың бастапқыда айтылған себептерін, атап айтқанда, құстармен соқтығысу немесе газ баллонының жарылуы туралы болжамдарды жоққа шығаруы мүмкін.
Әзербайжан үкіметі ұсынған алдын ала мәліметтерге сәйкес, тергеу барысында ұшақтың Ресейдің «Панцирь-С» әуе қорғаныс жүйесінен ұшырылған зымыранмен Грозныйға жақын маңда атылғаны анықталды. Бұған дейін Әзербайжанның цифрлық даму және көлік министрі Рашад Набиев апаттың сыртқы әсерден болғанын растаған еді, бірақ зымыран түрін нақтылау тергеу нәтижесінде анықталатынын мәлімдеді.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ұшақтың Ресей аумағында әуе қорғанысы жүйесі арқылы қателікпен атылғанын айтты. Ол кінәні толық мойындауды, кінәлілерді жазалауды және жәбірленушілер мен олардың отбасыларына өтемақы төлеуді талап етті.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда.