Талғардағы қылмыстан кейінгі оқиға. Бас прокуратура мәлімдеме жасады

995
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Талғарда жасөспірімді өлтіру ісі бойынша жәбірленушілердің үйін өртеу фактісіне қатысты қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бас прокуратураның мәліметінше, қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бақылауына алынды.

"Талғарда жасөспірімді өлтіру ісі бойынша жәбірленушілердің үйін өртеу фактісіне қатысты 2024 жылғы 12 қазанда Бас прокуратураның басшылығымен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шаралар қабылданады", - делінген хабарламада.

Бүгін Алматы облысындағы Шерзат Болаттың үйі өртеніп кеткені туралы ақпарат жарияланды. Талғардағы төбелес 16 жастағы жасөспірімнің өлімімен аяқталған еді.

Пікірлер