Марқұм Шерзаттың әкесі митингке шықпауға шақырды

882
Adyrna.kz Telegram

Талғарда кісі қолынан қаза болған 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болаттың әкесі ешқандай көтеріліске шықпауға шақырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов пен марқұм Салтанат Нүкенованың бауыры Айтбек Амангелді видеоүндеу арқылы митингке шықпауды сұрады.

"Қазақ елі, тағы айта кететінім, 14 қазанда ешқандай митинг, қантөгіс болмайды. Әділетті сот үкімін күтемін. Тергеу жүргізіледі. Елдер келіп жатыр. Астанадан да келіп жатыр. Адвокаттар да бар. Марқұм Салтанаттың бауыры да бар. Осы жігіттер көмектесіп жатыр. Халыққа айтарым, қолдау көрсетіп жатырсыздар, Алла разы болсын! Көп рақмет! Қазір қантөгіс, митинг, шоғырлану баламның ісінің жүруіне тоқтау болады. Сол себепті өтініп сұрайтыным, ақылды, саланы ел болуымыз керек. Бүгінгі күнді ғана емес ертеңгі күнді де ойлауымыз керек қой. Қантөгіспен ештеңе шешілмейді... Менің қалауым – балам үшін әділ сот. Ашық, әділ сот болғанша, соңына дейін барамын. Менің мақсатым соңына дейін барамын деп, біреуді атып, біреумен төбелесу емес, жаман адамдар жаман пиғылын жасай берсін. Одан кейін айтатаным, көңілдеріңізге рақмет, бірақ ақша жинаудың керегі жоқ. Бүгін баламның жетісі еді. Қаралы күнде ақша жасайын деп жүрген азамат емеспін", - деп мәлімдеді ол.

Айтбек Амангелді де бүгін өрт болған жерге барғанын хабарлады. Ол қоғам белсенділері Ішкі істер министрлігімен және Бас прокуратура өкілдерімен сөйлескенін атап өтті. Сондай-ақ ол да 14 қазанда митинг болады деген ақпаратты жоққа шығарып, халықты жалған ақпараттың жетегінде кетпеуге шақырды.

Пікірлер