Президент Тоқаев Ақтау халқын құттықтады

845
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақтау – түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы» гала-концертінің ашылу салтанатына орай арнайы құттықтау хатын жолдады. Президенттің атынан жолданған хатты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқып берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Сіздерді Ақтау қаласының түркі әлемінің 2025 жылы мәдени астанасы атануымен құттықтаймын. Бұл – Қазақстан үшін ғана емес, барша бауырлас елдер үшін айтулы оқиға», – делінген хатта.

Президент өз сөзінде Маңғыстау мен Үстірт өңірлерінің түркі өркениеті үшін маңыздылығын атап өтті. Бұл қасиетті өлкеде ұлттың және бүкіл түркі дүниесінің сан ғасырлық рухани мұрасы сақталғанын еске салды.

«Тарихы тамырлас, дәстүрі сабақтас халықтардың ынтымақтастығын одан әрі нығайту – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осы атаулы жылда бауырластығымызды бекемдей түсетін басқосулар ұйымдастырылып, маңызды шешімдер қабылданады деп сенемін», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, ол түркі мемлекеттерінің өзара ықпалдастығын нығайтуға үлес қосып жүрген ТҮРКСОЙ ұйымына және іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан барлық азаматтарға ризашылығын білдірді.

«Түбі бір түркі жұртының бірлігі нығая берсін. Баршаңызға бақ-береке, толайым табыс тілеймін», – деп қорытындылады Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда түркі әлеміне арналған ауқымды гала-концерттің басталғаны хабарланған болатын. Кеш барысында көрермендер Димаш Құдайбергенді ерекше ықыласпен қарсы алды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер