95 жыл бұрын. Ақсу қазақтарының көтерілісі басталған күн

940
Adyrna.kz Telegram

Осыдан 95 жыл бұрын, 1930 жылдың 27 наурызында Жетісудың Ақсу аймағында қазақтар Кеңес өкіметінің ұжымдастыру саясатына қарсы көтеріліске шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ресми деректерге сүйенсек, көтеріліске қатысушылар саны 1000 адамға дейін жеткен. Олар Егеубек Жанбайұлы, Қалдыбай Қылиұлы және Ғали Сатырбайұлының басшылығымен әрекет етті.

1930 жылы 27 наурыз күні көтерілісшілер Ақсу елді мекенін басып алды. Алайда қару-жарақтың жеткіліксіздігі салдарынан өкімет әскеріне төтеп бере алмады. Жеңіліске ұшыраған көтерілісшілер Балқаш маңындағы Жаман Жамал, Күшікжан сынды құмды аймақтарды паналады. Алайда олардың іздеріне түскен атты әскер көтерілісшілерді құм ішінде қырғынға ұшыратты.

Бұл көтеріліс Кеңес өкіметінің күштеп ұжымдастыру саясатына қарсы қазақ халқының ашу-ызасын білдірген тарихи оқиғалардың бірі болды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер