Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан кәсіби рингтегі дебюттік жекпе-жегінде нокаутпен жеңіске жетті. Оның қарсыласы — 19 жастағы вьетнамдық боксшы Данг Дак Хайнх (2-1, 2 КО) болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы NUR.KZ-ке сілтеп.
Жекпе-жек алдында вьетнамдық спортшы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен еді. Көпшілік оның көзілдірікте, атлеттік тұрпаты онша байқалмайтын бейнесіне қарап, оны «мектеп оқушысы» немесе «балақай» деп атаған.
Алайда рингте бәрін нәтиже шешті. Қазақстандық боксшы Сабырхан қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осы раундта рефери үш мәрте Данг Дак Хайнхқа нокдаун санады. Үшінші нокдауннан кейін жекпе-жек тоқтатылды.
Осылайша, Махмұд Сабырхан кәсіби бокстағы алғашқы жеңісін нокаутпен тіркеді, ал Данг Дак Хайнх өз мансабындағы үшінші жеңілісіне ұшырады.