Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов бостандыққа шығып, үндеу жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Нұрымовты 10 желтоқсанда полиция ұстап, кейін әкімшілік соттың шешімі бойынша 15 күнге қамауға алынған еді. Ол "ұсақ бұзақылық жасады" деп айыпталған.
Онымен бірге екі туысы 15 күнге қамалып, тағы біреуіне айыппұл салынған.
"Оның жағдайы жақсы. Қаржаубай қазір үй ішімен уақыт өткізіп, демалғысы келеді. Жақын арада қосымша ақпарат береміз" деді отбасының қорғаушылары.
«Құрметті достар! Қаржаубай бостандыққа шықты. Оны командамыздағы адвокат Асылбек Әбдіраимов алып кетті. Қаржаубайдың жағдайы жақсы, отбасымен қауышты. Қосымша ақпараттарды жақын арада хабарлаймыз», — деді олар.
Ол барлық қазақстандықтарға қолдау көрсетіп, алаңдаушылық танытқандары үшін алғысын білдіріп, үндеу жолдады.