"Тарихи максимум". Қытай Қорғастағы жолаушылар ағымы артқанын хабарлады

865
Adyrna.kz Telegram
Фото: Forbes.kz
Фото: Forbes.kz

2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қытай мен Қазақстан шекарасындағы Қорғас шекаралық бақылау пункті арқылы өткен жолаушылар ағыны 30 пайызға өсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Синьхуаға сілтеп.

Адам саны 280 мыңға жеткен. Бұл – тарихи рекорд. Бұл туралы Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының шекара қызметі хабарлады.

Адам санының күрт артуына 2023 жылдың қараша айында Қытай мен Қазақстан арасында енгізілген визасыз режим себеп болды. Қазіргі уақытта Қорғас арқылы күніне шамамен 2000 адам шекарадан өтуде.

Туристер арасында екі ел аумағында жеке көлікпен саяхат жасау үрдісі артып келеді. Фуцзянь провинциясының тұрғыны Хуан Чжэнгуан ел туралы пікірін айтты.

"Қазақстан – Орталық Азиядағы ең ірі мемлекет. Елдің табиғаты мен мәдениетін жақсырақ танып-білу үшін Алматы мен Астанаға жеке көлігімізбен баруды шештік," – деп өз әсерімен бөлісті.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қорғасты Қазақстанның әр өңірімен байланыстыратын 4 тұрақты автобус маршруты жұмыс істейді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Много лет диабета закончились за 2 дня! Теперь сахар в норме...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер