Қырғызстанда қаза тапқан қазақстандық балалардың денесі елге жеткізілді

2703
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 1 шілдеде Қырғызстанда қаза тапқан қазақстандық балалардың денелері арнайы бортпен елге жеткізілді. Бұл туралы ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін Ош облысының Ноокат ауданында селден қаза болған ауыл тұрғындары мен туристер арасында Шығыс Қазақстанның 4 баласы бар екенін жазған едік.

Қайғылы оқиға болған күні екі ұл мен екі қыз аналарымен туыстарына қонаққа барған. Туристік аймақта жүрген сел олардың өмірін қиып кетті.

«Өңір басшысы Ермек Көшербаев қаза тапқандардың туыстарымен кездесті. Осы қиын күндерде жергілікті атқарушы органдар мен «Халифа Алтай» мешітінің қызметкерлері жерлеу рәсімін ұйымдастып, өткізуді өз мойындарына алды. Өңірдің кәсіпорындары мен бизнес өкілдері отбасыларға көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді»,—деп жазды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 28 маусымда Қырғызстанда қатты жауған жаңбырдың салдарынан Ош облысының Ноокат ауданында жойқын сел жүрген еді. Кабар агенттігінің мәліметінше, төтенше жағдай салдарынан мерт болғандар саны 9 адамға жетті.

 

Пікірлер