«Алматы Бас жоспары» бас директорының орынбасары сотталды

959
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Алматы қаласы Медеу ауданының соты «Алматы Бас жоспары» ЖШС Бас директорының орынбасары С. Өмірәліұлы сотталды. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Антикор мәліметінше, ол алаяқтық жасағаны және жергілікті кәсіпкерді жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерткені үшін қалалық жер қатынастары басқармасының лауазымды адамына 9,6 млн теңге сомасында пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылған.

“Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ” делінген хабараламада.

Пікірлер