Қырғызстандағы сел. Тағы екі қазақстандық баланың денесі табылды

1854
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстанда тағы екі кішкентай қазақстандық баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп. 

«Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штабының мәліметі бойынша, сел салдарынан жоғалып кеткен қазақстандық екі кішкентай баланың мәйіті табылды», - делінген хабарламада.

Қазір құжаттар жедел рәсімделіп, қажетті шаралар жүргізілуде.

«Қазақстандық дипломаттар қаза тапқандардың туыстарына барынша көмек көрсетуде. Жақын арада Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі қаза тапқан төрт баланың да денесін отанына жеткізеді», - деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Қырғыз Республикасының Ноокат облысында сел жүріп, жолдар мен көпірлерді қиратты. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, «Абшыр-Ата» демалыс аймағында 1,3 мыңнан астам сел тасқынының құрсауында қалған.

Еске сала кетейік, маусымның 29-ы күні Қырғызстанда сел кезінде екі қазақ баланың қаза тауып, тағы екеуінің жоғалып кеткені белгілі болды. Кешке қарай алты адамның өлімі туралы ақпарат түсті.

Пікірлер