Мемлекет басшысы француз басылымында мақала жариялады

892
Adyrna.kz Telegram
фото: Le Figaro
фото: Le Figaro

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев француз Le Figaro газетіне мақала жазып, Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын атап өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазақстанның халықаралық дипломатиядағы рөлін келтірген Тоқаевтың мақаласы "Қазақстан – Франция үшін стратегиялық және сенімді серіктес" деп аталады.

Ақпаратқа сәйкес, бұл президенттің Парижге тұңғыш рет мемлекеттік сапары болғандықтан, осындай мақала жариялаған.

Мақалада Тоқаев климаттың өзгеруі және көші-қон сияқты заманауи жаһандық сын-қатерлердің қаупін атап өтті. Президент әлемдік аренада  "орта державалардың" рөлін күшейтуге назар аударды. Оның айтуынша, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясатты ұстанады және бітімгершілік үдерістерін қолдайды.

Сондай-ақ, Тоқаев Қазақстан мен Францияның сирек жер металдарын өндіру, "жасыл" энергетика және атом өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастыққа мүдделі екенін атап өтті. Ол Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша референдум Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндіктер ашатынын баса айтты. Тараптар бұл салаларды дамыту үшін былтыр Франция президенті Эммануэль Макронның Қазақстанға келгенін де атап өтті.

Еске салайық, былтыр Эммануэль Макрон Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген болатын. Оған Мемлекет басшысы екі қазақы тазының күшігін сыйлады. Макрон тазы күшіктеріне Жюль және Жанна деген есім берген еді.

Айта кетсек, бұған дейін Мемлекет басшысының Францияға мемлекеттік сапармен барғаны туралы хабарладық

Пікірлер