Утиль алымды жақтайтын петиция жарияланды

1344
Adyrna.kz Telegram
фото: Inbusiness.kz
фото: Inbusiness.kz

Халық арасында утиль алымын жақтайтын петиция жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы kolesa.kz-ке сілтеп.

Үндеу жасап, петиция жариялағандар үкіметтен отандық өндірушілерді қолдауды сұрауда. 25 мамыр күні «Халық табысын арттыру! Өнеркәсіпті дамыту!» атты петиция Epetition. kz порталына шығып, үш күнде 10 мыңнан астам қол жинаған.

Үндеу авторлары билікке «сұр импортқа тосқауыл қоюды күшейтіп, отандық өндірісті қолдау шараларының тиімділігін арттыруға, жергілікті өндірісті дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауға, осы салаға инвестиция тартуға және ынталандыруға, отандық кәсіпорындардың өсуіне қолайлы жағдай жасауға» шақырып, сұрау салған.

Бұл үндеу утиль алымы мен бастапқы тіркеуді төлемеу туралы петиция 50 мыңнан астам қол жинаған соң пайда болды.

"Ешкім біреудің жеке мүддесіне бола экономикалық тәуелсіздігінен бас тартпайды. Ақша елде қалуға тиіс!" — деп мәлімдеді петиция авторлары. Утильді жақтайтын петиция оны алып тастау петициясынан кейін пайда болған.

Айта кетейік, утиль алымға қарсы петиция 50 мыңға жуық қол жинаған. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев утиль алымына қарсы петиция қалай қаралатынын мәлімдеді.

"Комиссия құрылады, ол бірқатар өндіруші зауыттарға баруы да мүмкін. Содан кейін комиссия қорытындысын жариялаймыз, одан соң қоғамдық тыңдалым өтеді. Барлық процеске шамамен 40 күндей кетеді. 24 мамырдан 5 шілдеге дейін қол қойылған петиция бойынша заңға сәйкес пікір беруіміз қажет. Егер де петицияға балама жолдар болса, олар да қабылданып, мемлекет тиісінше қарайтын болады", - деді Қанат Шарлапаев.

Пікірлер