Рейсті кешіктірген әуе компаниясы айыппұлды артығымен төлемек

860
Adyrna.kz Telegram
nqz_airport
nqz_airport

Көлік министрлігі әуе рейсі кешіккен жағдайда айыппұлдың 2 есе өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы “Ашық НҚА” порталында жарияланды.

Көлік министрлігінің дерегінше, рейс мәртебесінің өзгеруіне байланысты жолаушыларға қызмет көрсетпеу жағдайында әуекомпанияларды жауапқа тарту мүмкін емес екен.

Осыған байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 567-бабына сәйкес (Тасымалдаушының кінәсінен рейс кешіккенде немесе орындалмағанда жолаушыға қызмет көрсетуді тиісінше орындамау) қаралады.

2023 жылы рейстердің кешігуінің 16 666 оқиғасы тіркелген. Ал биылғы жылдың қыркүйегінде бұл көрсеткіш 17 827-ге жеткен.

Осылайша, рейс мәртебесі өзгерген жағдайда тасымалдаушының өз міндеттерін орындамауы немесе тиісті дәрежеде атқарылмағаны үшін айыппұлды 400 АЕК-ке дейін ұлғайту ұсынылды.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанған бұзушылық үшін айыппұл көлемі 2000 АЕК мөлшерінде болуы керек екені талқыланды.

Айта кетейік, елімізде әуе компаниялардың кешігуіне қатысты бірнеше даулы мәселе болған еді.

Пікірлер