Министр утильалымнан түскен қаржының қайда жұмсалатынын айтты

1937
Adyrna.kz Telegram

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі утиль алымнан жиналған қаражатқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Министр Қанат Шарлапаев халықты алаңдатқан утиль алымға қатысты пікір білдірді. Ол жиналған қаражаттың автомобиль саласына жұмсалатынын айтты.

"Утилалымнан түскен қаражатқа бүгінгі таңда автомобильге арналған дөңгелектер мен шиналар, пластикалық автобөлшектер шығарылады. Кәсіпорындардың мүддесін қорғау – менің тікелей міндетім. Лоббизм жасады деу орынсыз. Отандық өнеркәсіптің дамуына жағдай жасауымыз керек", – деді Шарлапаев.

Пікірлер