Министрлік бірыңғай сағат белдеуінің әсерін зерттемек

1411
Adyrna.kz Telegram
Фото: Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы
орталық коммуникациялар қызметі
Фото: Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі

Ғылым және жоғары білім министрі қазақстандықтарға бірыңғай сағат белдеуінің әсері туралы зерттеу жайында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Саясат Нұрбектің айтуынша, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға бірыңғай сағат белдеуінің әсерін зерттеу бойынша арнайы ғылыми зерттеу жүргізу туралы өтінім берген. Зерттеу үшін елдің жетекші институттары тартылатын болады.

«Біз жетекші институттарды, соның ішінде география институтын, сондай-ақ физиологиялық және медициналық аспектілерін зерттейтін денсаулық сақтау министрлігінің институттарын тартуды жоспарлап отырмыз. Жақын арада Жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырыс өткізіп, біз осы тақырыпты таныстырамыз. Егер мақұлданса, бірден конкурс жариялап, зерттеуге кірісеміз», - деп жауап берді министр.

Зерттеу жүргізу үшін қанша қаражат қажет болатынын министр нақты айта алмады.

Бірақ «өтінім келіп түскенін» айтып, сомасын «қосымша нақтылайтынын» жеткізді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер