Тәжікстан хиджаб киюге тыйым салуда

1562
Adyrna.kz Telegram
Фото: aa.com.tr
Фото: aa.com.tr

Тәжікстан парламенті «Тәжікстан Республикасындағы салт-дәстүрлерді, мерекелер мен әдет-ғұрыптарды реттеу туралы» заңға түзетулер енгізіп, «ұлттық мәдениетке қайшы» деп аталатын киімдерді киюге тыйым салды. Бұл туралы БАҚ беттерінде жариялануда, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, бұл киім заңда тікелей аталмаған, бірақ сарапшылардың пікірінше, Тәжікстан билігі онымен күресудегі көп жылдық тәжірибесін ескере отырып, ең алдымен әйелдердің мұсылмандық киімдері туралы айтып отыр. Оның үстіне хиджабқа ғана емес, сатрға да тыйым салынған.

Заңға сәйкес, қазір Тәжікстанда мұндай киімді елге әкелуге, оны сатуға және қоғамдық орындарда киюге ресми түрде тыйым салынған - бұл айыппұлға әкеп соғады. Бұл тыйымды бұзған тұлғаларға 7920 сомони немесе қазіргі бағам бойынша 733 доллар айыппұл салынуы мүмкін, ал шенеуніктерге 39600 сомони немесе 3668 доллар көлемінде айыппұл салынады.

Түзетулерді парламент қоғамдық талқылауға ұсынбай қабылдағанын атап өткен жөн.

Түзетулер әлі заңды күшіне енген жоқ, бірақ заң қабылданғаннан кейін бірден Тәжікстандағы әлеуметтік желілерде видео тарай бастады: суретке қарағанда, ол медициналық мекемелердің бірінің кіреберісінде түсірілген. Видеода мекеме қызметкері әйелдерді сатр – мұсылман әйел бас киімі үшін 3,5 мың сомони айыппұл саламыз деп қорқытады.

Пікірлер