БАҚ: Украина Ресейді алғаш рет ATACMS зымырандарымен атқылады

584
Adyrna.kz Telegram

Украина алғаш рет америкалық ATACMS зымырандары арқылы Ресей аумағына соққы берді. Бұл туралы бүгін, 19 қарашада бірнеше БАҚ жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

РБК-Украина басылымы Брянск облысындағы Карачев қаласының маңындағы әскери нысанның соққыға жығылғанын жазды. Бұл қала Украина шекарасынан 130 шақырым жерде орналасқан.

Ал Astra Telegram арнасының хабарлауынша, Карачев қаласының тұрғындары әскери базаға шабуыл жасалғаны туралы хабарлаған. Арна куәгерлер жіберген және «жарылу жарқылын» бейнелейтін бірнеше видео жариялады.

«ГРАУ-ның 67-арсеналы» (55443 әскери бөлімі) Карачевте орналасқан.

Украина Қарулы Күштерінің Бас штабы сондай-ақ Telegram-да «2024 жылғы 19 қарашаға қараған түні Украина Қарулы Күштерінің бөлімшелері қорғаныс күштерінің басқа құрамдас бөліктерімен бірлесіп, 1046-арсеналға оқ жаудырды» делінген.

«Бүгін түнгі сағат 02.30-дағы жағдай бойынша нысаналы аймақта 12 реттік жарылыс тіркелді, Ресей Федерациясының Украинаға қарсы қарулы агрессиясын тоқтату мақсатында ресейлік басқыншылар армиясының оқ-дәрі қоймаларын жою жұмыстары жалғасады», - делінген хабарламада.

Жарияланған кезде ресейлік тараптан Украина Қарулы Күштері ATACMS зымырандары арқылы Ресей аумағына соққы беріп жатқаны туралы ресми растау болған жоқ.

Ресей Қорғаныс министрлігі Telegram-арнасында 19 қарашаға қараған түні Брянск облысының аумағында кезекші әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері арқылы төрт украиндық ұшқышсыз ұшақ жойылғаны ғана жазылған. Брянск облысының губернаторы Александр Богомаздың жеделхатындағы хабарларға қарағанда, облыс аумағында сағат 8.00-де барлығы 13 ұшқышсыз ұшу аппараты атып түсірілген.

«Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - дейді ол.

Пікірлер