Тактикалық қаруға рұқсат. АҚШ Ресейді ішкерілей атқылауға мүмкіндік бере ме?

3806
Adyrna.kz Telegram
Сурет: John Hamilton / White Sands Missile Range Public Affairs
Сурет: John Hamilton / White Sands Missile Range Public Affairs

Президент Джо Байден әкімшілігі Украинаға Ресей аумағын ATACMS зымыранымен атқылауға рұқсат берді. Бұл туралы 17 қарашада The New York Times жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, тактикалық қару бастапқыда Курск аймағындағы Ресей және Солтүстік Корея әскерлеріне қарсы қолданылуы мүмкін. Дегенмен, шенеуніктер Байден Украина қарулы күштеріне қаруды басқа жерде қолдануға рұқсат беруі мүмкін деп санайды.

«Украина бұл зымырандарды Ресей мен Солтүстік Корея әскерлерінің шоғырланған аймақтарына, әскери техникасына, логистикалық түйіндеріне, оқ-дәрі қоймаларына және жабдықтау желілеріне соққы жасау үшін пайдалана алады. Бұл Ресей мен Солтүстік Корея күштерінің шабуылын бәсеңдетуге көмектеседі»,—делінген ақпаратта.

Ал Reuters дереккөздері Киев америкалық қаруымен алдағы санаулы күнде шабуыл жасамақ деген ақпарат таратты.

Ақ үй әзірге бұл мәліметтерге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Айта кетейік, ATACMS баллистикалық зымырандары 300 шақырымға дейінгі қашықтықтағы нысандарды дәл көздеуге қабілетті.

Бұған дейін жаңа сайланған президент Дональд Трамп Байденді Украинаға көрсеткен қолдауы үшін айыптаған еді.

Пікірлер