Сатудағы қулықтар: неге дүкеннен көп зат алып қойғанымызды байқамай қаламыз?

5086
Adyrna.kz Telegram

Жыл соңына қарай барлық сауда үйлері үшін ерекше күн - "Қара жұма" акциясы басталды. Бұл маркетинг айласының ең жарқын мысалдарының бірі. Үлкен жеңілдіктер адамдарды тіпті қажет емес нәрселерді де сатып алуға итермелейді - олар дүкендегі сатылымдарды көбейтіп қана қоймайды. Маркетологтар бізді алдап соғу үшін тағы қандай әдістерді пайдаланады?

Жағымды әуен, қымбат парфюмерия мен кофенің хош иісі, эстетикалық интерьер... Мұндай атмосферада шопинг жасау тым керемет сезім және дәл қазір қажет болып көрінетін нәрсені сатып алуға еркіндік береді.

Маркетологтар мұны біледі және сатылымды арттыру үшін түрлі айла-амалдарға барады. Солардың кейбіріне тоқталайық.

1. МУЗЫКА ТАҢДАУ
Сауда орталықтарының дәліздерінде қатты музыка жиі ойналады. Бірақ дүкенге кірген бойда ол сабырлы, әуезді күйге ауысады. Жағымды әуеннің буымен дүкенде қалай ұзақ жүргенімізді, тіпті керек емес заттарды қалай алып кеткенімізді байқамай да қаламыз.

Сонымен қатар, музыканың бұл түрі миға тыныштандыратын әсер береді. Баяу әуендер біздің сақтықты төмендетеді, бұл бізді импульсивті сатып алуға көбірек ақша жұмсауға мәжбүр етеді.

2. ТЕРЕЗЕЛЕР МЕН САҒАТТЫҢ БОЛМАУЫ
Келуші уақыт пен кеңістік сезімін жоғалтып, шопингке толығымен беріледі. Бұл қулықты казиноларда да қолданады.

3. КӨП АЙНА ЖӘНЕ ДҰРЫС ЖАРЫҚ БЕРУ
Кейбір маркетологтар адамдардың табиғи нарциссист екеніне сенімді, яғни олар айнадан өзін көрген сайын олардың көңіл-күйі көтеріледі.

Сонымен қатар, дұрыс реттелген жарықтандырудың көмегімен біз айнада өзімізді сұлу және ұзын секілді көреміз. Ал, рефлексияға таңдана отырып, біз өзімізді жаңа киімдермен, жаңа саудамен қуантқымыз келеді.

4. КАССАЛАРДЫҢ АЛЫС ОРНАЛАСУЫ
Көбінесе дүкендердегі кассалар залдың ең соңында орналасады. Осыған байланысты сатып алушы, біріншіден, барлық ұсынылған тауарларды көріп алып, сонан соң ғана төлем төлеуге бір-ақ барғанды жөн көреді.

Ештеңе сатып алмай уақыт пен күш жұмсағысы келетіндер аз. Дәл сол себепті кейбір гипермаркеттер қала сыртында орналасқан – адам ұзақ сапардан кейін уақытын босқа өткізбеу үшін көп сатып алуды қажет деп санайды.

5. "КВЕСТ" СЫНДЫ ЖОЛ
Төлем кассалары алыс болғандықтан, оларға жету үшін өткелдердің, бөлімдердің және залдардың тұтас лабиринтінен өту керек. Бұл әсіресе әртүрлі жиһаздар мен құрылыс гипермаркеттеріне қатысты, бірақ қарапайым сауда орталықтарында бірдей принцип жұмыс істейді. Лабиринт сынды жолдардан сатып алушы жүру барысында, құры күтіп тұрмай, дүкеннің ұсақ-түйек заттарына да назар аударады.

6. БІРДЕЙ ОРЫНДАРДА БІР ТАУАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ
Сіз залдың басында, сосын ортасында, сосын кассада кез келген бір өнімнің қайта кездескенін байқадыңыз ба? Онымен үшінші немесе төртінші «кездескенде» сізде міндетті түрде бір ой болады: «Мүмкін, менің сатып алуым керек шығар? ..». Бұл ой текке келмейтіні анық.

7. ШАҒЫН КАССАЛАР
Сонымен, біз, әдетте, кезегімізді күтуіміз керек болатын кассаға жеттік. Осы уақытта көптеген адамдар сатып алу қажеттілігін талдай бастайды - дәл кассада көпшілігіміз маңызды емес болып көрінетін нәрселерден бас тартып жатамыз.

Сатып алушының өздігінен сатып алудан бас тартуына жол бермеу үшін кассалар тым кішкентай, қозғалуға ыңғайсыз етіп жасалады. Нәтижесінде қажетсіз нәрсені қайтаруға іс жүзінде ешқандай мүмкіндік жоқ.

8. ЖАСАНДЫ СҰРАНЫС
Кейде маркетологтар да осы әдісті пайдаланады. Сұраныстағы я болмаса жұрттың бәрі сатып алып жатқан тауарды витринада аз қояды. Осылайша талас туады. Содан соң сатушылар, оның орнына ұқсас өзге тауарларын ұсына бастайды. Аса үлкен айырмашылықты байқамаған біздер, қалай сатып алып кеткенімізді тағы байқамай қаламыз.

9. КӨПТЕГЕН КАФЕЛЕР
Біз шаршаған немесе аш болған жағдайда, ұзақ сауда жасауды ойламаймыз. Тезірек үйге қайтуды ойлаймыз. Бірақ көптеген фуд-корттар мұндай ой ойлауға жол бермейді! Солардың арқасында сауда орталығынан шықпай-ақ демалып, сергіп аламыз. Дегенмен, сізге тез арада дүкенге оралуға тура келеді, өйткені фуд-корттарда ең ыңғайлы, жылдам тағамдардың болуы тегін емес.

10. СЫПАЙЫ САТУШЫЛАР

Расында тәжірибелі, сыпайы, ақ жарқын сатушылардың арқасында біз өзімізге назар аудартқымыз келеді. Олардың бізге берген кеңестері шындығында қолайлы атмосфера тудырады. Кейде олардың арбауына қалай түсіп, қалай қате сауда жасап қойғанымызды байқамай қалатындығымыз содан.

Бұл қулықтарды білмей, біз жиі өткінші қалаулардың жетегіне еріп, орынсыз сауданың құрбанына айналамыз. Енді сізді алдау оңай болмайтынына сенімдіміз!

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер