Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы ресейлік Спутник V вакцинасының екінші дозасын салдырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Олар екпені елорданың №6 қалалық емханасында алды.
Айта кетейік, Ерлан Қиясов пен Ажар Ғиният «Спутник V» вакцинасының алғашқы дозасын осыдан 21 күн бұрын қабылдаған еді.
«Адырна» ұлттық порталы