Қорғаныс министрінің жаңа орынбасары қызметіне Асқар Мұстабеков тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ресми ақпаратқа сәйкес, мемлекет басшысының бұйрығымен Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Қорғаныс министрлігінің орынбасары болып тағайындалып, бұрын атқарған лауазымынан босатылды.
Осыған дейін Мұстабеков Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетін басқарған. Сонымен қатар, ол бұрын Алматыдағы Әскери-инженерлік радиоэлектроника және байланыс институтының басшысы болып қызмет атқарған.
Ұқсас жаңалықтар