2025 жылдың жазында ресейлік альпинист Алиса Ведерникова Қырғызстандағы Ленин шыңының маңынан ескі фотоаппарат тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Centralmedia24-ке сілтеп.
Құрылғы зақымданғанымен, жады картасы сақталған. Ал оның ішінде 2008 жылдың 22 сәуірінде түсірілген суреттер мен видеолар түсірілген.
Алиса есімді альпинист Threads әлеуметтік желісінде жазба жариялап, камера иесін табуға көмек сұрады. Ол соңғы видеода шатырды қатты жел шайқап жатқанын көрсететін кадрлар болғанын атап өткен.
Кейіннен бұл постты қазақстандық азамат танысына жолдап, Instagram арқылы аппараттың иесін тапқан.
Фотоаппаратты жоғалтқан әйгілі ирандық альпинист Парасту Абишами болып шықты. Ол Ведерникованың жазбасына пікір қалдырып, құрылғыны 17 жыл бұрын Ленин шыңына көтерілген кезде жоғалтқанын растады.