Рудный қаласындағы «Соколовская» шахтасында жарылыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Оқиға 2026 жылдың 5 қаңтарында болған.
Жарылыстан 55 жастағы жұмысшы жарақат алды. ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен ер адамды шахта қызметкерлері жедел түрде беткейге шығарып, медициналық мекемеге жеткізді. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Ведомство жарылыс шахтаның жұмыс кестесіне әсер етпегенін, барлық жұмыстар жоспарлы режимде жүргізіліп жатқанын да хабарлады.
Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылатын болады.
Ұқсас жаңалықтар