Германия компаниясымен қарым-қатынас дамиды

2420
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Германияның «DiaFlux» компаниясының басшысы Теодор Морельмен онлайн форматында кездесті деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Кездесу барысында неміс компаниясы тарапынан Қазақстанда диализаторлар мен гемодиализ өндіретін зауыт салуға ниет бар екені айтылып, инвестициялық жобаны таныстырды. Инвестор таныстырған жобаға сәйкес кәсіпорында гемодиализ аппараты, гемофильтрлер, бикарбонатты магистральдар, шприцтер, фистула инелері өндіріледі. Айту керек, диализатор аппараты бүйрек ауруына шалдығып, диализге мұқтаж болған науқастардың қанын тазалау кезінде қолданылады. Бүгінге дейін, арнайы сүзгі қалаға шет мемлекеттерден жеткізіліп келген.

 

Өз кезегінде қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы медициналық құрылғы өндірісіне заманауи технологияны енгізудің маңызы туралы баяндап, медициналық құрылғы өндіруде жүзеге асырылатын жобалар туралы ойларымен бөлісті.

 

Кездесу соңында әкім халықаралық медициналық құрылғылар өндірісі саласындағы мамандандырылған компаниямен іскерлік қарым-қатынас  орнатуға ниетті екенін айтты.

 

Д.Арғынгелді,

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің көмегімен

Пікірлер