Соңғы уақытта Қазақстаннан түбегейлі кетуге бел буғандар көбеймесе, азаймай отыр. Оның салмақты себептері де жоқ емес. Осыған дейін биліктің статмәліметі «елден кетіп жатқандар өзге ұлт өкілдері» деп жұртты алдаусыратып келгені белгілі. Ал қазір күн сайын елден кетемін деп тас түйін дайындалған қазақтың қарасы көбейді.
Таяуда елімізде танымал журналист, өжет,еңбекқор, қайсар қыздарымыздың бірі Нәзия ЖОЯМЕРГЕН өзінің Facebook парақшасында Қазақстаннан кетпекке бел буғаны туралы жазды. «Ес білгелі бері елімді, ұлтымды жақсы көріп келем. Қазір қолымнан келгенше дамытуға үлес қосып жүрмін. Бірақ Қазақстандағы жемқорлық, заңсыздық, азаматтарды қорлау әзір жойылмайтынын түсіндім. Бұл бір күнде келген тұжырым емес. Көп ойландым. Жоғары мен төмен түгел белшеден батқан жемқорлыққа. Мектепте пол жуу үшін де пара беруің керек. Мемлекет түрлі салық, айыппұл арқылы азаматтарды тонауға құныққан. Бизнеспен айналысу мүмкін емес. Кедергілерді көбейтіп тастаған. Басында үйі жоқ, бар тапқанын квартира мен кредитке төлеп жүргендер қаншама!
Қарапайым қызметкерліктен басшыға дейін өсу мүмкін емес. Әке-көке, жерлес, рулас, бірге оқыған кластас, курстасың не арсыз жағымпаз болуың керек. Түрлі жоғары лауазымда зейнеткер жасына жетсе де, креслодан айрылмай отырған шал-кемпірлер көп. Қолдарынан боқ келмесе де, отыр жабысып. Ал ақылды да білімді алтындай жастар жұмыссыз жүр не шет елдерге кетіп жатыр. Айлық аз. Баға қымбат. Ауыра қалсаң, аурухана мен емханалардың өзінде білімді дәрігерлер жоқтың қасы. Емделу үшін дәрі алуға да ақша жетпейді. Түрлі аурудың асқынып кеткені сондықтан. Қазақстан онкологиялық аурулар мен туберкулездан алдыңғы орында тұр. Бұл кедей елдердің ауруы. Неге? Өйткені бізде сіңірі шыққан кедейлер көп. Елдің Жер астындағы және үстіндегі байлықтарын жемқорлар бөліп алып жатыр. Солар шылқыған бай боп отыр. Мен неге шыдауым керек?
Шет елге отбасыммен бірге кетем дегенім сол. Отыз жылда оңбаған ел енді отыз жылда жақсарады дей алмаймын. Тұлға, азамат ретінде, адам ретінде бағаланбайтын елдеміз біз. Адамның қадірі жоқ» деп жазған журналист: «30 жыл жемқорлық әбден іріп-шіріткен Қазақстаннан үмітім үзілді. 4 баламның өмірін қор қылмаймын мұндай сорлы елге. Шет мемлекеттерге жіберем. Шекара сыртында бақытты болсын!» дейді.
«Маған басу не ақыл айтудың қажеті жоқ. Екі ұл, екі қызымды шет ел асырамын білім алуға. Сосын сол жақтың азаматтығын қабылдаңдар деймін. Қазақстанға мүлде қайтып келмесе де көңілім баяғыдай. Мына әтәңәлет вирус басылсын. Қожайынды көндіріп, шет елге кетем өзім де. Балалық шағым мен жастық шағым жемқорларға қор болды. Қарттық шағым лайықты өтсін тым болмаса. Патриоттық, Туған жер, қырт-сырттардың жетпіс жеті атасынннн таппп... Кетем. Отыз жыл елді ірітіп-шіріткендер дәл өздері сияқты малдарды тәрбиелеп жатыр орнын бассын деп. Қартайғанда солармен алысар жайым жоқ. Шаршадым. Жемқорлықтан, жағымпаздықтан, әділетсіздіктен... Балаларым да мен сияқты қиналмаса екен деймін».
Бір қызығы, осыдан бірер жыл бұрын әлдекім осындай жазба қалдыра қалса, көпшілік «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дегенді алға тартып, қарсы пікір қарша борайтын. Өкінішке қарай дейміз бе, басқалай дейміз бе, журналист Нәзияның жазбасына байланысты жазылған пікірлер ауаны шынайы Қазақстанның қазіргі келбетін аша түскендей. Пікір жазғандар да фейк немесе әлдекімдер емес, ел ішінде танымал азаматтар екенін ескерсек, елдің ертеңі бұлыңғыр екенін мойындай түсесіз.
Асылбек Нәсіпқалиұлы Байғазиев
Бірде Дулат Исабековтің Нұртілеуге берген сұхбатын көрдім. Сонда драматург "жалаң патриотизм" қалыптасты қоғамда дегені бар еді. Яғни, туған жерді өтірік сүйем, ыстық тағысын тағы осы сияқты сөздердің әшейін сөз болып, нағыз патриоттықтың үлгісі қалыс қалып бара жатқандығын тілге тиек еткенді. Сіздің де мына жазбаңыз, сол "жалаң патриотизмнен" шығудың үлгісі леп қабылдадым. Неге?! Мұндай мемлекетте елім дегенше, шет елде жүріп елін танытса, қазақылықты насихаттаса ол нағыз патриоттың іс әрекеті болмақ! Болашақта үлкен өзгеріс болары хақ...
Уелком) балдарым ағылшын оқып жатыр, мама мы тебя в дерьме не оставим деп жүр...
Алла жар болсын! Бірақ кейде мұндай ой бізге де келеді, жемқорлық, адамның ақысын жеу, әділетсіздікпен күрес өте қиын... Құдайға тапсырдым. Бастысы, бас аман болсын, ұрпағымыз аман болсын!
Түңіліп жүргендер саны жетерлік, менің де жүйкем әбден жұқарған... Бұлай жалғаса бергеніне көне берсек, кім болғанымыз?! Ешкімге ештеңе керек емес екен, ел алдында әдемі сөйлейтін қамқор ағаларымыздың да бұл мәселені шешуге бастарын ауыртпайтыны белгілі ғой айтпасақ та(((
Біз жібердік, екеуі де шетелдегі универде.
Дұрыс! Мен де қызығам. Бұйыртса әрекет ету керек.
Канадаға кеткім келіп жүр....
Дұрыс айтасыз!
Кету керек, рас. Балаларымыздың болашағын бұлар сатып жіберген болуы да мүмкін. Қор болған, алданған, ұрланған өміріміз-ай
Адам қорқатын, жүрегі ауыратын әңгімелер екен!..
Дұрыс! Әсіресе, қазақ тілді , көкесі жоқ маман алтын басты болса да лайықты орнын табуы, елге өз қабілет, қарымын мүмкіндігінше пайдаланып, қызмет етуі екі талай! Көлгір жағымпаздарға ғана жасыл жарық жанып тұр.
қолдаймын! Мен де осыны ойлап жүрмін.
Selem Neziya İstanbul Zeytinburnjn da Kazakistan kelip Türkiye köşüpkelgen Kazakıstandıklar songu kezdeti köbeyd Söylesken kilerde diz aytgan engimeni aytp jürleri
Дұрыс демеске, лаж жоқ боп тұр ғой.....
бәріміз солай шешіп отырмыз.
Ұрпақтың болашағы үшін керек.
Болашағымыз бұлыңғыр... Сіз мықты журналистсіз. Кез-келген елде өз қызметіңізді абыройлы атқара аласыз. Сәттілік әрдайым серік болсын!
Қос қолдап қолдаймын. Өте дұрыс. Мен де дəл сіздей ойлап жүрмін осы күні. Балаларымның болашағы үшін кету керек!
Бір адамға шамасы жетпеген он сегіз миллион адамға құдайдың құдіретімен батыр жүректі, адал тілекті, халқына шын жаны ашитын біреу келіп қалар деп өзімізді өзіміз алдап, жетпістің жетегінде тұрған мен сияқтылардың көлеңке-күндері осы жақта өтетін сияқты ғой. Бәрін естіп, көруші, құдіреті шексіз Алладан қолдау болып қала ма, кім білсін...
Қолдаймын!
Мен былай ойлағанмын ғой, карантинның бірінші толқынында қазақтар баудай қырылды. Осыдан кейін Үкімет тәжірибе-сабақ қорытып, енді ғылымға, білімге, медицинаға көңіл бөледі, өндіріс ошақтарын ашып, жеке кәсікерлікті дамытып, халықтың тамырына қан жүгіртетін нақты шараларды қарастыратын шығар деп ойлап жүріппін. Сөйтсем, ойлаған ойларымның күл-талқаны шықты, керісінше, елді орта ғасырық дәуірге шегіндіретін тәлімгерлер халыққа әлхисса-ертек айта бастапты. Құдай сақтасын, екінші толқын келсе, бізді тәлімгерлер құтқара ма сонда?! Қалған жағын өздеріңіз түсіне беріңіздер...
Иә, қайнайды қаным, ашиды жаным деп Ұлы Абай дұрыс айтып кеткен. Мүмкіндік болса менде кетер ем.
Сәтті қадам болсын! Қолдаймын
Қолдаймын
Әрине, есі бар ар адамнын ойлайтын ойын дөп бастың Нәзия! Сендей жігерлі, келешегі мол талантты журналист дұрыс елде өмір сүру керек!
Қазақстанның болашағы ертегіге айналғалы қашан???
Koldaimyn...
Біз де кеткелі жүрміз
P.S Қарап отырсаңыздар, Қазақстаннан ешкім еріккеннен,не болмаса, ақшасы тасығаннан кетуді жоспарламайды. Ешкім өзінің бұл елде көрген қорлығын баласының, немересінің көргенін қаламайды. Бәрі де баласының ертеңін бүгін ойлап отыр. Егер Қазақстанда баласының болашағы үшін жылт еткен бір үміт болса, ешкім де туған топырағын тәрк етпесі анық. Үлкен өкінішке қарай, қоғамда қозғала бастаған бұл жағдайға билік тарапынан тиісті қадамдар жасалар емес. Бәлкім, шенеуніктердің де көп нәрсені іші сезіп отырған болар, кім білсін. Қалай десек те, егер қазіргідей елден кетем дегендердің саны арта берсе, таяу он жылдықта Қазақстанда кімдер қалатынын ойлаудың өзі қорқынышты.
Меруерт ХУСАИНОВА,
«Адырна» ұлттық порталы.
Фото ашық дереккөзден алынды.