Мектеп оқушысы абайсызда төрт жасар баланы атып өлтірді

3341
Adyrna.kz Telegram

Хакасияның Усть-Абакан облысында тоғыз жасар бала абайсызда төрт жасар баланы өлтіріп алды, деп хабарлайды "Адырна" сайты. 

Ресейдің Тергеу комитетінің мәліметінше, қайғылы оқиға 20 тамызда болған.

Тергеу барысында анықталғандай, тоғыз жасар бала көршісінің баласын қонаққа шақырған. Екеуі ойнап, үлкенінің әкесі пневматикалық винтовка сақталған қоймаға кірген.

Ойнап жүрген балалар қоймаған кіріп, күдіктінің баласы қабырғадағы винтовкасын алып, оны қарап көрмекке ниеттенген, нәтижесінде абайсызда төрт жасар бала тұрған аймаққа қарай оқ атытлған», - делінген хабарламада.

Бала ауруханаға жеткізілді, бірақ бірнеше айға созылған терапиядан кейін ол қайтыс болды.

Баланы атқан тоғыз жасар баланың әкесінің үстінен абайсызда баланың денсаулығына ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алайда оның әрекетін (абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру) қайта даярлау мәселесі қазір шешілуде.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер