Ресей Қазақстанмен шекарадағы шектеулерді алып тастайды

4535
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/03/7252d117-0438-41f6-beaa-a53e39cc2ebe.jpeg

30 наурыздан бастап Ресей Қазақстанмен шекарадағы шектеулерді алып тастайды. Бұл туралы коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес жөніндегі жедел штаб өкілі айтты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі жедел штаб 2022 жылғы 30 наурызда Мәскеу уақыты бойынша 0 сағат 00 минуттан бастап Қазақстан азаматтарының Ресейге кіруіне және Ресей азаматтарының Ресей-Қазақстан шекарасының құрлық учаскесі арқылы Қазақстанға, сондай-ақ, Моңғолия азаматтарының Ресейге және Ресей азаматтарының Ресей-Моңғол шекарасының құрлық учаскесі арқылы Моңғолияға кіруіне шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер