Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы ірі өткізу пункті уақытша жабылады

1482
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстан 5 ақпаннан бастап Қазақстанмен шекарадағы ірі "Гишткуприк" (Қазақстан жағында "Жибек Жолы" бақылау өткізу пункті) кеден бекетін төрт айға жабады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Gazeta.uz Өзбекстанның кеден комитетіне сілтеме жасап хабарлады.

Бақылау өткізу пунктінде үш жылдан астам уақыттан бері жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Алдағы төрт айда ол аяқталуы керек.

Ақпаратқа қарағанда, бекеттің аумағы 1.5 гектарға кеңейіп, осылайша өткізу мүмкіндігі - 350-ден 1000 көлікке дейін, 30 мыңнан 50 мың адамға дейін ұлғайтылмақ.

Енді алдағы төрт айда жаяу жүргіншілер мен көліктер, автобустар жуырда ашылған "Науаи" бекеті арқылы өте алады. Екі бекет арасындағы қашықтық 20 шақырымға жуық.

Дегенмен "Науаи" бекеті арқылы жүк көліктерінің өтуіне тыйым салынған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер