Алматы жастарының баспана мәселесі қалай шешілуде?

2768
Adyrna.kz Telegram

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Алматы қаласы ескі үйлердің саны жағынан бірінші орында. Қазір апатты жағдайдағы  81 үйді бұзуға шешім қабылданған. 25 533  азамат баспана кезегінде тұр. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың сөзінше,  биыл 3800 отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Оның 1300-ден астам пәтері «Бақытты отбасы» бағдарламасымен берілсе, 1000-ға жуығы жалдамалы пәтер болады. Сондай-ақ 35 жасқа дейінгі жастарға жеңілдетілген бағдарлама әзірленіп отыр.

Қала әкімдігі жастарды баспанамен қамтуға арнайы бағдарлама қабылдап, оны «Алматы жастары 3.0» деп атады.

«Алматы жастары 3.0» тұрғын үй бағдарламасының басты ерекшелігі – пайыздық мөлшері төмен. Бұған бюджеттік мекемелерде қызмет істейтін барлық маман қатыса алады. Оларға құны  13 млн теңгеге дейінгі сатып алуға ипотекалық несие 5 пайызбен беріледі. Сатып алатын үйдің бастапқы жарнасы – 10 пайыз. Берілетін несиені әркім өз төлем қабілетіне қарай 3 жылдан 25 жылға дейін рәсімдей алады.

Айта кетерлігі, бюджеттік сала қызметкерлеріне – мұғалімдер, дәрігерлер, университет оқытушылары, мәдениет және спорт саласының өкілдері , журналистер мен ғалымдар, әкімшілікке қарасты мекемелердің қызметкерлері жатады.

«Алматы жастары 3.0» бағдарламаға қатысушы жастарға қойылыатын талаптар:

  1. Қазақстан Республикасының азаматы болу керек;
  2. Қатысушының жасы өтініш беру кезінде 35 жасқа дейін болу керек. Негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптылардың бірі ғана қатыса алады;
  3. Қатысушының  ресми жұмыс өтілі бойынша Алматы қаласындағы мекемелерден  кем дегенде соңғы 6 ай  міндетті зейнетақы мөлшерлемесі болу қажет.
  4. Үміткерде және оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактілерінің болмауы, Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік бағдарламалар желісі бойынша алынған отбасының басқа мүшелерінің ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлес немесе жалға берілетін тұрғын үйі болмауы керек. Жекешелендіру немесе мұрагерлік құқығы нәтижесінде бағдарламаға қатысушы немесе кәмелетке толғанға дейін отбасы мүшелері алған жылжымайтын мүліктегі үлесі 4-ші (осы талапқақа – авт.) талапқа қосылмайды;
  5. Қатысушының Алматы қаласындағы жұмыс өтілі кем дегенде 6 ай болу керек. Ол зейнетақы аударымымен расталады.

Бағдарламаға қатысуға төмендегідей құжаттар қабылданады. Әуелі өтініш жазылады:

 

_____________________________________

азамат (ша) (тегі, аты-жөні)

_____________________________________

тұрғылықты мекен-жайы

Өтініш

 

"Алматы Жастары 3.0" қалалық жеңілдетілген несие беру бағдарламасы арқылы, тұрғын үй қарызын (заемын) қамтамасыз етуді сұраймын.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

________________

толтырған күні

___________

қолы

 

 

 

 

1) Үлгі бойынша өтініш;

2) Білімі туралы сканерленген құжат;

3) 2008 жылға дейін алынған неке қию туралы сканерленген куәлік (бар болса);

4) 2008 жылға дейін алынған балалардың туу туралы сканерленген куәлігі (бар болса);

5) Өтініш берушіге және Қазақстан Республикасы бойынша барлық отбасы мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;

6) Белгіленген үлгідегі фирмалық бланкіде жұмыс өтілі көрсетілген, өтініш пен құжаттарды тапсырған күнге 10 жұмыс күннен артық емес мерзімде берілген сканерленген жұмыс орнынан анықтама;

7) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын сканерленген құжаттар;

8) Алматы қаласы мәдениет басқармасынан сканерленген растайтын анықтамалар (құжаттар) (аталған талап, мәдениет саласындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған қатысушыларға ғана қатысты).

 

Осы аталған құжаттар баллдық жүйе бойынша есептеледі. Қазіргі кезде 875 жас бағдарламаға өтініш берген.

«Алматы жастары 3.0» тұрғын үй бағдарламасынан бөлек, 29 жасқа дейінгі жастарға жалдамалы пәтерлер беріледі. Бұл пәтер 5 жыл мерзімге жалға алынады.

 

Гүлвира Асқар,

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер