Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында үйінің тозғанын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Оның сөзінше төрт қабатты үйінің құбырлары тозып, су басқан.
«Құдай-ай, бұрын үйім өзіме жақсы сияқты көрінетін. Бәрін ашып қарасақ, астының бәрі шіріген. Беті ғана жылтырап тұр екен ғой. Үстінгі қабаттағы дәретхананың құбырлары жарылып, су кетті. Темір де тозады деген осы екен ғой. Жігіттер талқандап кетті. Алла сабыр берсін. Мынаның бәрі орнына келгенше ұйқы жоқ қой», - деген әнші түсірген видеосында.