"Ерекше қуаныш". Бетперделі жігіт сал ауруымен ауыратын жетім қызға баспана сыйлады

1482
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Бетперделі ер адам тағы бір адамды қуантты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қара бетперде киген Айнұр есімді сал ауруымен ауыратын 16 жастағы қыз баспаналы болуды армандаған. Жасөспірімнің сөзінше, ол әжесімен бірге жалдамалы пәтерде тұрады.

"Бүгін менің туған күнім. III топтағы мүгедекпін. Мені анам 3 айлық кезімде тастап кеткен. Әкем болса басқа отбасымен бірге тұрады. Әжем екеуіміз жалдамалы пәтерде тұрамыз", - дейді ол.

Науқас қыздың арманы - баспана алу әрі денсаулығын дұрыстап, дизайнер болу. Одан бөлек, кішкентай қыз туған анасына да реніші бар екенін айтты.

"Анама ренішім бар. Туған баласын тастап кетуі дұрыс емес деп ойлаймын", - дейді Айнұр.

Бетперде киген жігіт желіде жариялаған бейнесінде қыздың эмоцияларын жариялады. Ол ең алдымен қыздың еміне ақша ұсынып, оған қоса баспана сыйлаған.

Толық видеоны біздің желідегі парақшамыздан қарай аласыз!

 

Пікірлер